Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды қолдану аясында түсіндірме жұмыстары туралы

А.Маханова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына арналған қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама келіп түскен кездегі   іс-қимыл алгоритмі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымның жалпы ережесіне, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен кездегі басшының іс-қимыл алгоритміне және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамдарды қорғау механизмдері  туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

          Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу және жол бермеу керектігін кеңінен атап өтті.

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Бөлім басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және күнделікті атқаратын қызмет барысында қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізу;
  2. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарын қатаң сақталуына бақылауды күшейту.