Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне ZOOM – қосымшасы арқылы құқықтық оқу өткізілді.

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне             ZOOM – қосымшасы арқылы құқықтық оқу өткізілді.

19.01.2026ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы                                   С. Дүйсенбай, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының (бұдан әрі-Филиал) қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен зейнетақы төлемін алушылардың тағайындау барысында базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін жасанды түрде арттыру фактілерін анықтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, құқықтық оқу өткізді.

           Оқыту барысында Филиалдың бөлімдері арқылы Министрлікпен ұсынылған тізімдегі төлем алушылардан өткен кезеңдер үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналарын растайтын құжаттарын талап етуі бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі талқыланды.

          Сонымен қатар, С. Дүйсенбаймен қатысушылардың зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты қойылған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме берілді.