Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20.01.2026 ж.  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиева мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы»  Қазақстан Республикасының заңының талаптары туралы құқықтық оқу өткізілді.

Құқықтық оқу барысында Департамент қызметкерлеріне әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту, құқық бұзушылық профилактикасы, құқықтық тәрбие мәселелері баяндалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қоғамдық орындарда тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді.

Құқықтық оқу барысында С. Ситалиева тақырып бойынша қойылған сұрақтарға  жауаптар берді.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

реттеу және бақылау комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті