Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен дөңгелек стол өткізілді.

Өңірлік комиссия құрамы мүшелерімен  дөңгелек стол өткізілді.

09.01.2026ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті басшысының орынбасары                              А. Сагимбаеваның төрағалығымен, өңірлік комиссия құрамы мүшелері, Департаменттің бөлім басшысы А. Маханова, бас маманы С. Дүйсенбай. Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор                       Г. Сарсенбаев. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік сала бойынша қалалық бөлімінің басшысы У. Оспанова, маманы Н. Жүсіпназардың қатысуымен дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек столда «Жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі іс-қимылдар» жоспарындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, берілген хаттамалық тапсырмаларға сәйкес, акталық жұмыстарын жүргізу туралы талқыланды.