Құқықтық оқу семинар өткізілді.

Құқықтық оқу  семинар өткізілді.

2025 жылғы 24-желтоқсанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Әдеп жөніндегі уәкіл А. Махановамен, Халықты әлеуметттік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиевамен, Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне «темекі шегудің зияны»  тақырыбында құқықтық оқу  семинары  өткізілді.

Құқықтық оқуда Әдеп жөніндегі уәкіл А. Маханова Темекінің түтіні адам өкпесіне терең еніп, құрамындағы зиянды химиялық заттар өкпе альвеоларынан әрі қарай қанмен адам ағзасының барлық органдарына тарайды. Демек, жүздеген улы заттар, олардың ішінде: никотин, бензапирен, формальдегид, мышьяк, цианид, гидроциан қышқылы, сондай-ақ көмірқышқыл газы, көміртегі оксиді және радиоактивті заттар ми, жүрек, жүйке, тері, бауыр, қан айналымы және тамақ жүйесі және т.б. мүшелерге сіңіп, олардың қызметіне нұқсан келтіреді. Никотин – өзіне тәуелділікті тудыратын улы заттардың бірі. Ол деммен 7 секунд ішінде бүкіл денеге таралады, барлық мүшелерге, соның ішінде миға, ал жүктілік кезінде ұрықтың барлық мүшелеріне енеді. Бұл ми мен жұлынға, жалпы жүйке жүйесіне, жүрекке және басқа да көптеген мүшелерге әсер ететін күшті стимулятор екенін ескерді.

Осы тақырыпты толықтырып бөлім басшысы С. Ситалиева: «Темекі шегу – жастар арасында жиі кездесетін жаман әдеттердің бірі. Темекі шегу қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болады. Әрі қарай ағзаның иммунитеті едәуір төмендеп, әр түрлі вирустар мен инфекцияға қорғанысы төмендейді. Темекі шегуге қарсы бағдарламалардың негізгі мақсаты – темекі шегудің алдын алу, оның зиянынан хабардар ету. Балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегу әдетінің тез таралуы өскелең ұрпақтың темекі шегудің зияны мен салдары туралы жеткілікті ақпарат пен деректер алмайтындығына» түсіндірме берді.

Құқықтық оқу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл А. Маханова тақырып бойынша қойылған сұрақтарға  жауаптар берді.