
23.12.2025ж. Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова Департамент қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан демалыс және мереке күндерінде жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Құқықтық оқу барысында тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.