
16.10.2025 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары А. Сагимбаевамен Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының басқарма басшылары мен қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.
Оқыту барысында қатысушыларға «Е-Макет» ААЖ электрондық іс макетін қалыптастыру кезінде мұрағаттық анықтамаларды реттеу мақсатында еңбек өтілін анықтайтын мұрағаттық анықтаманы сұрау салу бөлігінде «Е-архив» АЖ функционалы өзектендірілгендігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасы бойынша алдағы уақытта электрондық іс макетін қалыптастыру кезінде мұрағаттық анықтамаларды растау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нұсқаулықпен жұмыс жасау қажеттігі туралы түсіндірілді.