Мүгедектігі бар адамдармен кездесулер өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мүгедектігі бар адамдармен кездесулер өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың қазан айының 6-10 аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы  Қызылорда облысы бойынша  департаментің №2 МӘС бөлімінің бас маманы М. Базарбай, Облыстық мүгедектігі бар адамдар қоғамының мүшелері                    Р. Смагулова мен А. Абилдаева,  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А. Жаналиев, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Г. Абдыкалыкова, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аударындарында және Байқоңыр қаласында мүгедектігі бар адамдармен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында мүгедектік тағайындау, мүгедектік тобын ауырлату тәртібі, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындау және басқа мәселелерге қатысты сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, жауаптар берілді.