Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық оқу және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

26.09.2025 ж.  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде  (бұдан әрі - Департамент) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиева мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 3-тарауымен реттелген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарына қатысты құқықтық оқу өткізілді.

Құқықтық оқу барысында мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуы тиіс екенің атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеліп соғатының ескертті.

Мемлекеттік қызметтегі мінсіз беделді нығайтуға бағытталған жүйелі қадамдарға қатысты жаңашылдықтар жұмыста қолдану үшін мәселелерге тоқталды.

Құқықтық оқу барысында С. Ситалиева тақырып бойынша қойылған сұрақтарға  жауаптар берді.