«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

21.08.2025ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлының бастамасымен және Департаменттің мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында  аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қаржылық көмек көрсетілді.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Департамент тарапынан «Мектепке жол» акциясына қатысу аясында Қызылорда қаласы 4 балалы анаға (2 баласы мектеп жасында) Н.Е. Жұбаниязоваға  ақшалай көмек көрсетілді.

«Баршаңызды келе жатқан Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!»-деді Департамент басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы