2025 жылғы 15 тамызда Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Конституцияның 30 жылдығы және әлеуметтік қорғаудың жаңа міндеттері» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиевамен, бөліммен атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттері айқындалды. С. Ситалиева 2025 жылдың еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін және биыл Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы аталып өтіуде. Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, теңдік пен әділеттіліктің негізі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін әлсірететіні айтылып, оған қарсы жүйелі әрі ашық жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. Бұл ретте әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен адалдығы маңызды екені баса айтылды.
Жиын қорытындысында, С. Ситалиева белсенді әрі адал еңбек етуге шақырып, мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылы ғана әлеуметтік қорғау саласының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.