11.07.2025ж. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы мүгедектігі бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындарға тиісті кеңестер беріліп, қызмет алушылардың мәселелерін оңтайлы шешу жолдары қарастырылды.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті