Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (бұдан әрі – МӘС)  2025 жылғы 1-4 шілдеде Арал, Қармақшы және Жалағаш аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағасы мен медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп,  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары» бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, Қағиданың 22-тармағына сай,  медициналық мекеме тарапынан № 031/е нысаны негізсіз ресімделген жағдайда (организмнің жай-күйін және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін кешенді бағалау үшін деректердің болмауы), көзбе-көз куәландыру кезінде МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығаратындығы және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 031/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарланатындығы, сонымен қатар, МӘС актісінде және  №031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалатындығы түсіндірілді.