26.06.2025ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А. Сагимбаеваның төрағалығымен, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі мамандарының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының (бұдан әрі -Филиал) қызметкерлерімен және Қызылорда облыстық, қалалық архив мекемелерінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетімен берілген тапсырмаға сәйкес, жасына байланысты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растайтын, зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға байланысты көрінеу жалған құжаттар ұсыну фактісі, мұрағат мекемелерінен жалған мұрағат анықтамаларын, жалақысы туралы жалған анықтамаларды еңбек кітапшаларын және басқа да құжаттарды ұсынуды болдырмау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбау құзыреті шеңберінде мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел соңында спикерлермен зейнетақы тағайындау бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық, сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.