25.06.2025ж. Өнер орталығында «Заң мен тәртіп ХХІ ғасырдың сандық триггерлері» форумы өткізілді. Форумда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлының қатысып, форум аясында қоғамда құқықтық сана мен мәдениет, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық алаяқтықты алдын алу мақсатында ашық қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындарға тиісті кеңестер беріліп, қызмет алушылардың мәселелерін оңтайлы шешу жолдары қарастырылды.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті