26.05.2025 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Б. Шәріпбековтің және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө. Алшынбаеваның, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары М. Бибітованың, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері Ж.Қозбағарованың қатысуымен, Департамент қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері бойынша баяндап,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқықтық оқу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Ө. Алшынбаева Әдеп кодексі ең алдымен қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталғанын және мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді орнықтыруға негіз болатындығын, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, қарапайым болу, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау керектігін түсіндірді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілерге мінез-құлық тұрғысынан талап етілетін жалпы стандарттар мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойынмен ойнауға (лудомания) шектеу қойылғанын және шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметшінің жұмыстан босатылатыны туралы атап өтті.
«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме беріліп, мемлекеттік қызметтегі заңдылық, жауапкершілік және тәртіп қағидаттары, қызметтік міндеттерді орындау процесінде заңанаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және оларға қарсы күрес әдістері сияқты негізгі мәселелерге тоқталды.
Қоғамдық орындарға алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде болуларын, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынуының, көлік құралын алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде жүргізудің алдын алу және оған жол бермеу керек екендігі ескертілді.
Құқықтық оқу кезінде уәкілетті орган қызметкері аталған заңнамаға толық түсіндірме жасаумен қатар, сыбайлас жемқорлық тақырыбында бейнеролик көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті