Меню
Страницы

«Қызмет алушылар күні» аясында жеке және заңды тұлғалармен кездесу өткізілді

«Қызмет алушылар күні» аясында жеке және заңды тұлғалармен кездесу өткізілді

2026 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселесі бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» өткізілді.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдарына консультациялық кеңес беру, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында азаматтар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша Департамент мамандарына жүгініп, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы сауалдарына толық жауап беріп, заң көмегін көрсетті.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты