Меню
Страницы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіге түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіге түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Маханова 29.09.2026ж. Департаментке бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметші Қожахмет Дамирге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Түсіндіру жұмыстары барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Қорытындыда, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшіге әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетімен мемлекеттік органның беделін қалыптастырады, әдеп нормаларын сақтау -азаматтардың сенімін арттырады, мемлекеттік органның абыройын көтереді және қызмет сапасын жақсартатындығы жөнінде түсіндірді.

         Сондай ақ, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты қаңдай да бір сұрақтар туындаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері