Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

2025 жылғы 15-16 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Қостанай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерін қамтитын мобильдік топ Қостанай облысы аудандары мен қалаларының кәсіпорындарымен және ұйымдарымен әлеуметтік-еңбек саласы және еңбек тәуекелдерінің картасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әулиекөл, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласында әкімдер орынбасарларының төрағалығымен мобильді топ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлермен кеңестер өткізді.

Кеңестердің нәтижесінде спикерлердің, кәсіпорындардың басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ақпаратын міндетті түрде назарға алу туралы шешім қабылданды: - Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің нормаларын сақтау, қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу, Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру, «Электрондық еңбек биржасы» порталында бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді орналастыру; - еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ҚР Еңбек Кодексінің 127-3-бабына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы және толық аудару жөніндегі міндеттемелердің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; - жалдамалы жұмыскерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық аудару жөніндегі міндеттемелердің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, кеңес барысында өңірлердегі мүгедектіктің жай-күйі, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың ұсынылған құралдарымен және әлеуметтік қызметтерімен уақтылы қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңестің қатысушыларына барлық қызықтырған сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.