
Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары ағымдағы жылдың 11 наурызында 04.03.2024 жылғы "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша кеңес өткізді.
Негізгі толықтырулардың бірі мүгедектік мерзімін есепке алу жөніндегі тармақ болып табылады. Мүгедектік мерзімін есепке алу жүргізіледі:
және үшінші тармақпен толықтыру енгізілді
Сондай-ақ, балаларды куәландыру кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесіне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы енгізілген. Білім беру түрі мен нысаны мүгедектікті белгілеу кезінде, оның ішінде сырттай проактивті куәландыру кезінде бағаланатын тіршілік әрекетінің санаттарының бірі, оқуға қабілеттілігін шектеуді бағалау үшін негіз болып табылады.
Негізгі өзгерістердің бірі медициналық-әлеуметтік сараптамаға дәйексіз құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісі анықталған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама мен бақылау бөлімі бақылау бойынша күндізгі қайта куәландыруды жүргізетіні болып табылады.
Жиналыс жемісті өтті.