Ағымдағы жылдың 7 ақпанында еңбек инспекциясы басқармасының және «БЖЗҚ» АҚ филиалының өкілдерімен бірлесіп «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «Космис» филиалының әкімшілігіне зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша көшпелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басшының орынбасары А. Сатаева зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем қалай төленетінін, сондай-ақ оны тағайындау тәртібі мен шарттарын айтып берді. Мұндай қызметкерлер 55 жасқа толғанда және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болғанда (84 ай) төрт көзден: республикалық бюджеттен (2 КД), жұмыс берушілердің қаражаты есебінен (1 КД), өмірді сақтандыру компанияларынан (1КД), қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы болады.
Арнайы әлеуметтік төлемді проактивті форматта тағайындау алгоритмі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.