Бүгін Департамент басшысы Ш.Сұлтанбеков «Алау-ТВ» телеарнасында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру туралы, сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізу туралы сөз сөйледі.
Арнайы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін олар 55 жасқа толған және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісі кемінде 7 жыл болған кезде көзделген.
Төлем төрт көзден: республикалық бюджеттен, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен, өмірді сақтандыру компанияларынан, БЖЗҚ-дан қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып жүргізілетін болады.
Арнайы әлеуметтік төлемді алу шарттарының бірі зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу болып табылады.
Сонымен қатар, Департамент басшысы облыс азаматтарының зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты сұрақтарына жауап берді.