Сепаратизмге қарсы іс-қимыл бойынша, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы.

Сепаратизмге қарсы іс-қимыл бойынша, мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы.

   2023 жылғы 21 желтоқсанда департамент қызметкерлеріне А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары                                    Р.Б. Жүсіповтың қатысуымен сепаратизмге қарсы іс-қимыл, елдегі толеранттылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Өз сөзінде Р.Б. Жүсіпов сепаратизм туралы оның маңыздылығын, пайда болу себептерін, сепаратизмнің көріністерін түсіндірді. Заңнама бойынша сепаратизмге қатысқаны үшін 2014 жылдан бастап ҚР ҚК 180-баппен «Сепаратистік қызмет» қылмыстық жауаптылық көзделген.

Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Д. Сұлтанова әдеп кодексіне өзгерістер енгізілгені туралы толықтырды, оған сәйкес мемлекеттік қызметші ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтауы, өз жауапкершілігін, мәртебесін және барлық іс-әрекеттерін әдеп нормалары шеңберінде жүзеге асыру қажеттігі туралы еске салылды.