Ағымдағы жылғы 29 қарашада «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ бірлесіп «Интерактивті қолжетімділік картасы» АЖ қызметі бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт басқармалары басшылары орынбасарлары мен жауапты мамандары, қала және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшылары мен мамандары үшін оқыту өткізді.
Оқыту барысында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу бойынша ағымдағы жағдай және бейімделген объектілерді постбақылау барысында айқындалған бұзушылықтар қаралды.