"Арқалық өңірлік ауруханасы" МКҚК базасында "мүгедектікті және\немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және \ немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету.

"Арқалық өңірлік ауруханасы" МКҚК базасында "мүгедектікті және\немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және \ немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету.

Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің № 3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі, мүгедектікті белгілеу және мүгедек адамдарды оңалту жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылғы 14-17 қарашада "Арқалық өңірлік ауруханасы" МКҚК базасында көшпелі отырыс өткізді.

         Арқалық қаласында, Жангелді және Амангелді аудандарында тұратындарға ОЖБ қалыптастыру және түзету, мүгедектігі бар адамдарды куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілді.                                           

2023 жылғы 17 қарашада ДКК Төрағасымен және Арқалық өңірлік ауруханасы" МКҚК дәрігерлерімен мына тақырыптар бойынша жұмыс кеңесі өткізілді:

  1. Жаңа сервис-құжаттарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрондық форматта, күндізгі және сырттай куәландыру (қайта куәландыру) үшін жіберу мүмкіндігі. 031\у жаңа нысанын, меншік нысанына қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына қолжетімді қалыптастыру.
  2. Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 жаңа бұйрық.
  3. Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, арнайы алдын ала тексеру құралдарымен қамтамасыз ету Қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрық.

Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

Кездесу жемісті өтті.