Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары А. К. Душанова ағымдағы жылдың 14 қарашасында Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Е. Мекебаевамен бірлесіп бейнеконференцбайланыс форматында кеңес өткізді.
Кеңеске Қостанай облысының медициналық ұйымдарының ӘДК төрағалары, психиатрлар мен педиатрлар қатысты.
Қатысушыларға аутизм спектрі мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа күндізгі оңалту орталығының жақын арада ашылуы, осы орталықтың қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары (30.06.2023 жылғы №283 бұйрық) талқыланды, мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге медициналық айғақтар мен қарсы айғақтар айтылды.
Денсаулық сақтау мамандарына мүгедек балаларға арналған оңалту іс-шараларының жоспарын жасау кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігі туралы түсіндірілді.