
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті атынан басшы Ш. Сұлтанбеков және "Жаңа жол 369" ҚБ атынан төраға А.Қайбжанова арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум тыңдаушы мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру және халықты әлеуметтік қорғау саласында тиімді ынтымақтастық орнату аясында жасалды. Үкімет қоғамды белсенді тыңдау және араласу арқылы азаматтардың қажеттіліктері мен тілектеріне жауапты бергенде тиімдірек болады.
Ынтымақтастықтың негізі бағыты халықты әлеуметтік қорғау саласында сындарлы ұсыныстар әзірлеу, екі жақты қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кездесулер мен басқа да шаралар өткізу, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша еңбек ұжымдарында бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.