"Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы"ТОП қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысына қатысу

"Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы"ТОП қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысына қатысу

 2023 жылдың 31 мамырында "Қорғау" ҚБ кәсіподақ білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері үшін Тобыл қаласында Н. Наушабаева мектеп-гимназия алаңында нормативтік құқықтық актілерді, ережелер нормаларын түсіндіру, азаматтардың сұрақтарына жауап беру мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына департамент басшысының м.а. А.К. Сатаева қатысып, әлеуметтік Кодекстің негізгі бағыттары: отбасының цифрлық картасын енгізу, бала күтімі кезеңін бір жарым жылға дейін ұлғайту және зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кездесуде педагогтерді аттестаттау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер және тағы да басқа мәселелері қаралды. Өтініш білдіргендердің барлығына консультациялар берілді, олардың ұсыныстары назарға алынды.