Сырттай форматта медициналық сараптама жүргізу туралы

Сырттай форматта медициналық сараптама жүргізу туралы

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасау және мүгедектікті белгілеу процесін жеңілдету мақсатында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай-проактивті жүргізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Осы жобаны іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдар бекіткен, регламенттелген Бірлескен бұйрық әзірленіп, қабылданды:

- сырттай белсенді куәландыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі;

- пилоттық режимде сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі;

- медициналық мекемелердің медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуі үшін міндетті тексерулер мен объективті деректердің тізбесі.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу тетігі көрсетілетін қызметті алушының тексеруден өту үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға ғана жүгінуін көздейді. Тексеру аяқталғаннан кейін жолдама құжаттарын емдеуші дәрігер медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай-проактивті форматта жіберетін болады. Көрсетілетін қызметті алушыға қосымша қандай да бір құжаттарды жинаудың қажеті жоқ және сараптамадан өту үшін МӘС бөліміне барудың қажеті жоқ.

Сырттай-белсенді куәландыру жүргізілетін аурулардың тізбесіне соңғы уақытқа дейін 12 нозология енгізілді. Ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап аталған тізбе кеңейтілді, оған тағы 8 нозология енгізілді.

Сырттай-проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптаманы Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінің эксаумақтық сарапшылары жүргізеді. Медициналық ұйымдардан электрондық форматта интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен иесіздендірілген медициналық құжаттардың негізінде куәландыру жүргізіледі. 

Қостанай облысы бойынша жоба басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 4000-ға жуық адам сырттай-проактивті куәландырудан өтті.

Мүгедектікті сырттай-проактивті форматта белгілеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары осы қызметті көрсету нәтижелеріне тұрақты негізде талдау және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен жоспарлы жұмыс жүргізеді.

Сырттай-белсенді куәландыру тізбесіне кіретін нозологиялардың санын одан әрі медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай форматқа толық көшуімен біртіндеп ұлғайту жоспарлануда.