Отбасының цифрлық картасы

Отбасының цифрлық картасы

      

       2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Енді қазақстандықтар проактивті форматтағы SMS-хабарламалар арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алатын болады.

         Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі– ОЦК) - бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарлама" және тиісті органдарға жүгінудің қажеттілігінсіз мемлекеттің қызмет көрсетудің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы.

        Қазірдің өзінде цифрлық картада шамамен 6 миллион отбасы және олардың 19 миллион мүшесі туралы мәліметтер бар және "отбасы портреті"деп аталатын мәліметтер қалыптасқан. Карта деректері отбасы мен оның мүшелерінің мәртебесі өзгерген сайын жаңартылады.

       Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі.

     Келісімді алғаннан кейін-әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін тағайындау, содан кейін алушының банктік шотына аудару жүзеге асырылады.

     2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды.

    Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап "отбасының цифрлық картасы"арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабарламаларды автоматты түрде беру жүзеге асырылды.