Тақырыбы: ұлттық құндылық-біздің басты байлығымыз

Тақырыбы: ұлттық құндылық-біздің басты байлығымыз

    2022 жылғы 28 қазанда Республика күні мен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында Департамент ұжымы, "Садақ ату" дәстүрлі ойыны бойынша, "Saq" орталығына барды.

   Өнердің бұл түрі бүгінде, әсіресе Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлеріндегі жастар арасында танымал болып келеді. Біздің қаламызда бұл орталық енді дамып келе жатқан, жас орталық болып табылады. Кез келген адам дәстүрлі ата-баба мәдениетіне қосыла алады және өзін көшпелі сезіне алады.

    Нұсқаушының көмегімен біз атуды еркін үйрендік, садақ дегеніміз не, ол неден жасалған және біздің ата-бабаларымыз оларды қалай пайдаланғанын көрдік. Садақ ату дағдыларын игере отырып, командалар арасында ату сайысы өткізілді, онда жинаған ұпайлар саны бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі көшбасшы болды.