
Ағымдағы жылдың 19 қазанында мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында Департамент басшысының м.а. А.Сатаева мен бөлім басшысы А.Р.Сейтбаталова «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз сөзінде спикерлер қатысушыларға отбасының цифрлық картасын енгізу, бала күтімі кезеңін 1,5 жасқа дейін ұлғайту, 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру, ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – на дейін кезең-кезеңімен жеткізу, ең жоғары-120% - ға дейін жеткізу, қосымша жұмыс берушілер есебінен зейнетақы жарналарын төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту.
Кездесу қызу әңгімеде өтті, барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді.