Әдеп жөніндегі уәкіл дөңгелек үстелге қатысты

Әдеп жөніндегі уәкіл дөңгелек үстелге қатысты

        2022 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған "Алдын алу-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу тәсілі ретінде" тақырыбында Әдеп жөніндегі Уәкіл Б. Д. Султанова дөңгелек үстелге қатысты.

        Кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы хабарланды. Сондай-ақ, кездесуде әкімшілік құқық бұзушылық жасау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың формалды жұмысы және конкурстық рәсімдерді өткізу мәселелері талқыланды.