Департамент басшысы Наси Сырым "AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиал жанындағы отырысқа қатысты.

Департамент басшысы Наси Сырым "AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиал жанындағы отырысқа қатысты.

   15.06.2022 жылы Департамент басшысы Нәси Сырым «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің кезекті отырысқа қатысты.

    Кеңес отырысында мүгедек адамдар үшін салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және басқа да мәселер қаралды.

    Әлеуметтік интеграция және тәуелсіз өмір салты, тұрғылықты жерінен қызмет көрсету орнына дейін мүгедек адамдар үшін инфрақұрылымның толық қолжетімділігін қамтамасыз ету-бұл мемлекеттің қабылдаған басты міндеттемелерінің бірі деп Департамент басшысы С.Нәси атап өтті.

    Департамент басшысы жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жауапты тұлғаларының формальды тәсілдеме фактілері және мүгедек адамдарға арналған объектілерді бейімдеу бойынша қалалар мен аудандардың мониторингтік топтарының жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы анықталғанын атап өтті.

    Нысандардың қолжетімділігі мәселесі өте өзекті, бұл мәселеге барлық жауапкершілікпен қарау керек.

    Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ұсынымдары депутаттарға және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады.