Департамент басшысы Сырым Нәси облыс әкімдігінде болған селекторлық кеңеске қатысты.

Департамент басшысы Сырым Нәси облыс әкімдігінде болған селекторлық кеңеске қатысты.

     Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні әкімінің орынбасары В.Н.Ионенко қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, сондай-ақ облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларының, мониторингтік топтардың мүшелерінің, "AMANAT" партиясының өкілдерінің, «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» «МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиал өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді. Аталған кеңесте Департамент басшысы С .Нәси 2021 жылы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталына енгізілген мүгедек адамдардың барлық санаттарына арналған нысандарды, сондай-ақ 2022 жылға арналған тізбеге енгізілген нысандарды бейімдеу мәселесі бойынша хабардар етті.

      Өз баяндамасында С. Нәси 2021 жылдың қорытындысы бойынша нысандар әлі күнге дейін бейімделмегенін атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылға арналған тізбеге енгізілген нысандарды бейімдеу бойынша тиісті жұмыс жүргізілмегені байқалады.

     2021 жылдың қорытындысы бойынша келесі өңірлерде бейімделу бойынша ең нашар көрсеткіштер: Қостанай  қаласы (96%) және Рудный (96%), Қостанай (95%), Ұзынкөл (92%),Қарабалық (92%), Алтынсарин (89%), Денисов (89%).  Салалар арасында бейімделмеген Нысандар: білім беру – 30%, Мәдениет -6%, Денсаулық сақтау – 5%.

      Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары белгіленген мерзімде тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары В. Н.Ионенко өңірлер әкімдерінің орынбасарларын әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ескертті.