Департамент басшысы Сырым Нәси Қарасу ауданына жұмыс сапары барысында Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралады.

Департамент басшысы Сырым Нәси Қарасу ауданына жұмыс сапары барысында  Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралады.

     24 мамырда Департамент басшысы С.Нәси Қарасу ауданың аралау барысында қызмет алушылардың құқықтары заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жұмыспен танысты.Бұл орталық стационарлық үлгідегі мекеме болып табылады,1 және 2 топтағы мүгедектерге және қарт кісілерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатыр.

      Аралау барысында Депаратамент басшысы орталықтардың материалдық-техникалық базасымен, нысанның қолжетімділігімен, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасымен танысты, қоймалардағы өнімдердің сапасын, сатып алынатын киімнің сапасын тексерді, қызмет алушылармен әңгімелесті. С.Нәси қызмет алушылардың денсаулықтарына, тамақтануына, шағымдары мен ұсыныстарына қызығушылық танытты. Қызмет алушылар орталық қабырғасында өздерінің тұруы туралы айтып, өз тілектерін білдірді. Қызмет алушыларда жиһазды жаңарту қажеттігіне назар аударды.

       Сапар барысында Департамент басшысы орталықтардың қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берді.