28.12.2021 жылы "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесі алаңында ашық есік күні аясында азаматтарды қабылдау өтті.
Қала тұрғындарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері қызықтырды.
Қабылдауға Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің, Қостанай қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Азаматтарды қабылдау "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай күшейтуге және қала тұрғындарының сұраныстарына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Сұрақтарға жауаптар берілді, кейбір сұрақтар Департаменттің және Қостанай қаласы әкімдігінің бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 1-қабат, тел. 50-29-83 мекенжайында орналасқан "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсе алаңында күн сайын жүргізіледі.