Мүгедектігі бар адамдарға объектілерді бейімдеудің сапасы бойынша мониторинг

Мүгедектігі бар адамдарға  объектілерді бейімдеудің сапасы бойынша мониторинг

Қолжетімді ортаның болмауы-мүгедек адамдардың құқықтарын бұзу болып табылады. Департаментпен тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қалпына келтіру және қорғау мақсатында халықтың қауқары аз топтары үшін объектілердің қолжетімділігі мәніне әртүрлі тексерулер жүргізіледі.

Осылайша, Департамент "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы жол картасының 84,85-тармақтарын орындау шеңберінде, мүгедек адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту бөлігінде Қамысты, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының бейімделген объектілеріне постбақылау жүргізілді.

2021 жылға Жітіқара ауданында бейімделуге 16 объект, Қамысты ауданында 8 объект, Қарабалық ауданында – 18 объект, Меңдіқара ауданында-26, Ұзынкөл ауданында-18 объект жатқызылды.

Алайда постбақылау нәтижелері барлық объектілер мүгедек адамдардың барлық санаттары үшін құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарын ескере отырып бейімделмегенін көрсетеді.

Жүйелі бұзушылықтар: қолда бар пандустың бойлық бұрышының сәйкес келмеуі, сыртқы және ішкі сатыларда талап етілетін тұтқалардың болмауы, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың сәйкес келмеуі, көзі көрмейтін адамдар үшін ақпарат құралдарының болмауы болып табылады.

Постбақылау нәтижелері бойынша аудан әкімінің атына әрбір объекті бойынша көрсетілген бұзушылықтары бар хаттар, сондай-ақ аталған бұзушылықтарды жою үшін белгіленген мерзімдер жіберілді.

Департамент облыс объектілерінде бейімдеуді жүргізу сапасы бойынша жұмысты жалғастыратын болады.