Дөңгелек үстел 19.11.2021

Дөңгелек үстел  19.11.2021

19.11.2021 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қостанай облысының мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет департаменті ұйымдастырған "Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктер-мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру факторы" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарын іске асыру үшін әзірленді. Атап айтқанда, ол Қазақстанның жария лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын ақшамен және өзге мүлікпен операциялар бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеуге бағытталған.

Бұл адамдардың тізбесін Қазақстан Президенті бекітеді, ал қаржы мониторингі агенттігі осы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының тізімін жүргізетін болады. Қазақстанның жария тұлғалары мен олардың жақындары қаржы мониторингі субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді алу кезінде заң бойынша шетелдік тұлғалар сияқты қосымша тексеруден өтетін болады.

Бұл норма қаржылық ашықтыққа қол жеткізуге және саяси маңызды лауазымды тұлғалардың сеніп тапсырылған өкілеттіктерін пайдалануына байланысты құқық бұзушылықтардың ықтимал жолын кесуге бағытталған.

2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар кейіннен 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуы қажет, онда жеке тұлғалар күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған кірістері туралы, салықтық шегерімдер туралы, мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша туралы және кірістер мен мүлік туралы декларация жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдан бастап ұсынылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.