Департамент басшысының м.а. А.Қ. Сатаеваның "Nur Otan" партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысына қатысуы

Департамент басшысының м.а. А.Қ. Сатаеваның "Nur Otan" партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысына қатысуы

Кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 18 қарашасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" аймақтық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелерін қарады. 

Рудный қаласы және Қостанай ауданы әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс барысы туралы осы өңірлер әкімдерінің орынбасарлары баяндады.

Департамент басшысының м.а. А.Қ. Сатаева отырыста мүгедек адамдар үшін Рудный қаласы мен Қостанай ауданы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндады. Мониторинг өңірлерде сапасыз жүргізілген жұмысты көрсетті. Барлық іске қосылған құрылымдардың жұмысын үйлестіруді күшейтуді және объектілердегі бұзушылықтарды жоюды ұсынды.

Отырысқа қатысушылар осы мәселелерді заңнамалық реттеуді талап ететін мүгедек адамдарға арналған объектілерді бейімдеу кезіндегі проблемалық мәселелер туралы айтты. Барлық ұсыныстар "Nur Otan" партиясының орталық аппаратына жіберіледі.

Облыстық мәслихат депутаты А.Ж. Дабылов атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз-халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалық мәселелерін барынша жедел шешу.