Департамент қызметкерлеріне семинар 21.10.2021г

Департамент қызметкерлеріне семинар 21.10.2021г

2021 жылғы 21 қазанда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Департамент қызметкерлері үшін "Мемлекеттік қызмет ұрпақтар байланысы" тақырыбында семинар ұйымдастырды, семинарда Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметтің еңбек сіңірген ардагері Юрий Александрович Харьяков сөз сөйледі.

Тәжірибелі кадрлар өз білімімен, дағдыларымен, бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөліскен кезде ұрпақтар сабақтастығы маңызды рөл атқарады.

Мұрат Тілемісұлы Мұратбеков кездесуді аша отырып, қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды, аға буыннан жинақталған көп жылдық тәжірибені қызметшілердің жас буынына беруге көмектесетін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Юрий Александрович қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың, мемлекеттік қызметшілер санасының білімі мен ашықтығын дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Ардагердің айтуынша, бұл қасиеттер заманауи мемлекеттік қызметшінің негізгі бағдары болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, пайдалы кездесу өтті, оның нәтижелеріне екі тарап та риза болды.

Бұл кездесулер болашақта мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында да жалғасатын болады.