МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЖӘНЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті ҚР "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңдарының сақталуына 85 тексеру жүргізді, оның ішінде: профилактикалық бақылау – 44, жоспардан тыс – 31, құқық қорғау және тексерілетін органдардың бастамасы бойынша-10.

Бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 56 нұсқама енгізілді, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында – 49 және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде-7, олар бойынша жалпы сомасы 1 340,8 мың теңгеге 12 әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, көрсетілген есепті кезеңде 903 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу 818 (мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт құрылыстарына кіруін қамтамасыз етпеу);

- Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу 85.

МӘМ-де 4 профилактикалық бақылау жүргізілді, шамамен 85 бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 17 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасымен бірге 6 медициналық-әлеуметтік мекеме тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 3 директор АӘҚ бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.