Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығына бару.

Мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығына бару.

Қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков ағымдағы жылдың 14 қазанында мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында болды. Бұл орталық жартылай стационар жағдайында уақытша тұратын мекеме болып табылады (14 күн), онда күндізгі уақытта 1 және 2 топтағы мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Сапар барысында басшы осы Орталықтың базасында жаңадан ашылған балалар бөлімшесімен, жүргізілген күрделі жөндеумен, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасымен танысты.

Аталған Орталықта мүгедек адамдарды оңалту үшін қажетті жабдықтар бар. Штатта дәрігерлер, дефектологтар, логопед және басқа да мамандар бар.

Сапар барысында Департамент басшысы Орталықтың қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берді.