Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің облыстық мәслихат комиссиясының отырысына қатысуы

Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің облыстық мәслихат комиссиясының отырысына қатысуы

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, оған департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе - Сарыкөл ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта ұйымдастыру.

Өз кезегінде, Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Сарыкөл ауданындағы қолжетімді орта құру мәселесі бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар етті. М.Т. Мұратбеков атап өткендей, Департамент жүргізетін мониторинг көңіл көншітпейтін деректерді көрсетті. Жергілікті атқарушы орган бейімдеген объектілер бойынша мониторинг жүргізу кезінде көптеген бұзушылықтар анықталды.

Осы отырыстың қорытындысы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін облыс объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар әзірленді.