Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің "Nur Otan"партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысына қатысуы.

Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің "Nur Otan"партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысына қатысуы.

21 қыркүйекте кеңес мүшелері ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" аймақтық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелерін қарады.

Отырыста департамент басшысы М.Т. Мұратбеков ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін облыс объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін айтты. Мониторинг жекелеген өңірлерде сапасыз жүргізілген жұмысты көрсетті. Барлық іске қосылған құрылымдардың жұмысын үйлестіруді күшейтуді және ағымдағы жылы бейімделуге жоспарланған нысандарды сапалы бейімдеуді ұсынды.

 Сондай-ақ, М.Т. Мұратбеков егде жастағы адамдардың стационарлық үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұру жағдайларына жүргізілген мониторинг қорытындыларын айтты. Мониторингтік топ жоспарланған кестеге сәйкес барлық 4 медициналық-әлеуметтік мекемеге барды: "Рудный №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ, "Қарабалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ және "Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ және "Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ. Мониторинг нәтижелері жалпы орталықтардағы жағдай қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің толық спектрін алу үшін қолайлы екенін көрсетті.

Сонымен қатар, мониторинг нәтижесінде медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметінде әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-медициналық сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Нәтижелері бойынша барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерге орындау үшін ұсынымдар берілді. Отырыста салынып жатқан тұрғын үйлер мен қаланың жаңа шағын аудандарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді ортаның болмауы мәселелері талқыланды.

Бұл мәселе барлық мемлекеттік құрылымдармен жеке қарауды талап етеді. Облыстық мәслихат депутаты А.Ж. Дабылов атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз-халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалық мәселелерін барынша жедел шешу.