Мүгедектерді санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

Мүгедектерді санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

Оңалтудың жеке бағдарламасын бұдан әрі (ОЖБ) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 ж. №26 бұйрығында регламенттелген, өзгерістерімен 22.03.2021 ж. күшіне енген медициналық қарсы көрсетілімдер негізінде әзірлемейді.

  1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
  2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
  3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
  4. Қатерлі жаңа өскіндер.
  5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
  6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.
  7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.
  8. Синкопалдық жай-күйі.
  9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
  10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
  11. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
  12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
  13. Кез келген текті кахексия.