Департамент қызметкерлеріне семинар 17.09.2021

Департамент қызметкерлеріне семинар 17.09.2021

2021 жылғы 17 қыркүйекте әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Департамент қызметкерлерімен ҚР ЕХӘҚМ әдеп жөніндегі уәкіл У.Б. Алшынбаеваның мемлекеттік қызметшілерді қоғам тарапынан сынға ұшыратудың алдын алу қажеттілігі туралы қызметтік жазбасын талқылау бойынша семинар өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет департаментінің "Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауын талдау қорытындылары туралы" шешімі және Департамент қызметкерлерін мемлекеттік қызметшінің дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар ету жөніндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстыру зерделенді.

Қызметкерлерге кезекті рет мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау ұсынылды.