Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер 16.07.2021

Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер 16.07.2021

Мүгедектік 6 ай немесе 1 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.

Мүгедектікті белгілеу 6 ай немесе 1 жыл мерзімге бұзылған функцияларды қалпына келтіру немесе едәуір жақсарту, адамның толыққанды өмірге оралу мүмкіндігін көздейді:

1) бас-ми жарақатынан, нейроинфекциядан және жүйке жүйесінің басқа да органикалық ауруларынан кейінгі шамалы білінетін қозғалу, психикалық, сөйлеу бұзылушылықтары;

2) операциядан кейінгі кезеңде (6 айдан астам) ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күй;

3) ағымының ұзақтығы 2 айдан асатын геморрагиялық васкулит кезінде туындаған патологиялық жай-күйлер (екі және одан да көп синдромдардың үйлесуі);

4) асқазанның, ұлтабардың жара ауруының асқынған ағымы;

5) дененің артық салмағы аясында 2-типті орта дәрежедегі қант диабеті;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 ж. № 44 бұйрығымен бекiтілген медициналық әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларында толығырак танысуға болады.