Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер.

Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер.

Олардың негізінде мүгедектік 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.

Бұл топқа қалпына келтіру немесе жақсарту әжептәуір уақыт аралығын қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді:

1) сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп-тұрудың біркелкі білінетін тұрақты бұзылуы (бір немесе бірнеше буынның парезі, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қимыл үйлесімінің бұзылуы және т.б.);

2) сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі;

3) омыртқа жұлынының зақымдануынан болған жамбас органдары функцияларының білінетін бұзылуы;

4) тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз ұстамалар аптасына (2-3 рет);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 ж. № 44 бұйрығымен бекiтілген медициналық әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларында толығырак танысуға болады.