Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер

Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер

Мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер:

1) бірқалыпты ремиссия басталғанға дейінгі туа біткен тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, целиакция, ОЖЖ қайта зақымдануы белгілерімен гипотиреоз және басқалары);

2) бірқалыпты ремиссия басталғанға дейін тіршілік-тынысының бұзылуына және әлеуметтік дезадаптацияға әкеп соқтыратын туа біткен, тұқым қуалайтын аурулар мен синдромдар;

3) бірқалыпты клиникалық-гематологиялық ремиссия басталғанға дейінгі асқынған лейкоз, лимфогрануломатоз;

4) мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде ісік процесінің сатысына қарамастан, хирургиялық және басқа да емдеу түрлерінен кейінгі кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 ж. № 44 бұйрығымен бекiтілген медициналық әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларында толығырак танысуға болады.